Орталық "Мұнайшы" стадионы қайта жаңғыртудан өтеді. Алайда облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстарының нақты қашан басталып, қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Жоба құны 10 миллиард 900 миллион теңгені құрайды. Жоспар бойынша жаңа газон төселіп, стадион аумағы толық жаңартылмақ. Толығырақ Ақтоты Өркешбаева айтып берсін.