Сондай-ақ шаһарда «Спорт – есірткіге қарсы» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Мұнда шамамен 300-ге жуық каратэші жүгіру жарысына қатысып, салауатты өмір салтын қолдайтындарын көрсетті. Кейін олар «Исатай-Махамбет» орталық алаңында арнайы қойылымдарын ұсынып, шеберліктерін шыңдады.