Ақтаудағы Шығыс-1 шағын ауданындағы жолдың сапасы сын көтермей тұр. Тақтайдай болу керек тас жол үгітіліп, әр жерден ой-шұңқырлар көбейген. Тұрғындар жауын-шашын кезінде жағдай қиындап, көлік жүргізе алмайтындарын айтады. Уақытша айналма жолға айналған асфальт жөнделе ме? Тақырыпты Маңғыстаудағы әріптесім Жансая Жанұзақ тарқатады.