Шаһарда Халықаралық театр күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған дәстүрлі мерекелік шара өнерсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл айтулы күн театр өнерінің қоғамдағы маңызын айқындап, сахна саңлақтарының еңбегін ұлықтауға арналды.