«Қамысқала» футбол құрамасы әуесқой футболшылар лигасында Күміс кубоктың жеңімпазы атанды. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 80-ге жуық команда қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Жеңімпаздарды теміржол вокзалында жақындары мен ауылдастары және аудандық спорт бөлімінің өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.