Бүгін - Шаңырақ күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында аталып өтетін бұл күн - қазақ халқы үшін айрықша мәні бар, терең мазмұнға толы мереке. Шаңырақ – тек баспана емес, ол – отбасының бірлігі мен берекесінің, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың символы.