Атырау облысы жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда тұр. Әсіресе артериялық гипертония, миокард инфаркті және жүрек ырғағының бұзылыстары секілді аурулар жиі тіркеледі. Мұндай дерттерді дер кезінде анықтап, емдеу үшін заманауи медициналық технологиялардың маңызы зор. Осы мақсатта демеушілер облыстық кардиологиялық орталығына жаңа медициналық құрал-жабдықтар табыстады. Іс-шараға арнамыздың тілшісі Ақтоты Өркешбаева қатысып қайтты.