Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша атыраулық жүзушілер 30 команданың ішінен үздік алты команда қатарына енді. 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі Қостанай қаласында өтіп, оған 400-ден астам спортшы қатысты. Мамандардың айтуынша, бұл нәтиже Атырау жүзу мектебінің әлеуеті жоғары екенін көрсетіп отыр.