8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі әйелдер қауымымен кездесті. Іс-шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген, қоғамда белсенділігімен танылған әйелдер қатысты. Аймақ басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті.