«КҮШТІ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ»: ӨҢІРДЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің бастамасымен «Күшті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында зиялы қауым және шығармашылық сала өкілдерімен кездесу өтті. Басқосу барысында ел дамуының негізгі тірегі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы маңызды өзгерістер мен қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.