Атыраудағы «5546 Ұлттық ұлан» әскери бөлімінде Ата заңның жаңа жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға өңірлік коалиция өкілдері қатысып, әскерилермен және мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген жас сарбаздарға Конституция жобасының негізгі әрі маңызды тұстарын таныстырды.