Биыл «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1180 жас маманды еңбекке орналастыру жоспарланып отыр. Бұл жоба жұмыс тәжірибесі жоқ мамандарды қолдап, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаға оқу орнын аяқтаған алайда мамандығы бойынша бес жылдан аса жұмыс істемеген 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Ал олардың жалақысы мемлекет есебінен субсидияланады.