2025 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер қатысуымен жасалған қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 126 дерекке артқан. Ал биылғы жылдың алғашқы бір айының өзінде 6 қылмыс тіркеліп отыр. Бұл мәліметтер облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өткен «Заң мен тәртіп: қауіпсіз балалық шақ кепілі» атты форумда айтылды.