Биыл облыста этникалық қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота ұлғайтылды. Оларға көшуге берілетін субсидиядан бастап, баспана алуға дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар ақпан айынан бастап елімізде қандас мәртебесін беру және тұрақты тұруға рұқсат алу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.