Атырауда соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққандар саны көбейген. Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылы 3083 жағдай тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 3287-ге жеткен. Мамандар мұның себебін бірнеше фактормен байланыстырады. Жүрек дертінің көбеюіне не әсер етіп отыр? Дәрігерлер не дейді? Толығырақ Ақтоты Өркешбаева айтып береді.