2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген еді. Содан бері, облыста бір жағдай тіркеліп, айыпталушыға 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, көбіне жастар сталкингтің түрлі көріністеріне жиі тап болады. Бұған себеп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді белсенді қолдануы. Сондықтан, өңірде жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.