Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті кездесуде спортшыларға саланы әлеуметтік қорғауға қатысты қандай өзгерістер қарастырылғаны түсіндірілді. Сондай-ақ, конституциялық нормалардың кәсіби саңлақтар мен жаттықтырушылардың еңбек жағдайына қалай әсер ететініне ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, әлеуметтік кепілдіктер, медициналық сақтандыру, сондай-ақ жарақат алу, мүгедектікке ұшырау немесе спорттық мансапты аяқтау жағдайында көрсетілетін қолдау мәселелері сөз болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай қағидаларды Конституция деңгейінде бекіту спорт саласындағы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтып, оның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік бермек.