Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған қоғамдық кездесулер жалғасуда. Осындай басқосулардың бірі медицина мамандарын даярлайтын оқу орын ұжымымен өтті. Кездесу барысында қатысушыларға азаматтардың денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу құқықтарына қатысты енгізілетін жаңа нормалар жан-жақты түсіндірілді.