«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшесі Әлібек Нәутиев шаһар маңындағы Береке ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында жаңа Конституцияның негізгі басымдықтары мен қоғам үшін маңызы кеңінен талқыланды. Депутат жаңа Ата заң жобасында адами құндылықтарға айрықша назар аударылғанын атап өтті. Сонымен қатар салалық тиімділікті арттыру, отбасы институтын нығайту, ғылым мен білім саласын дамыту бағыттары нақты көрініс тапқанын жеткізді. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған көкейдегі сауалдарын қойып, жауап алды. Халық қалаулысы жұртшылықты республикалық референдумда белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасауға шақырды.