Республикалық референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірде жүйелі жалғасып келеді. Кезекті кездесу шаһардағы жетекші жолаушылар тасымалдайтын мекеменің қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Басқосуда референдумның маңызы кеңінен түсіндіріліп, әлеуметтік бағыттағы басымдықтарға айрықша назар аударылды.