Өңірде республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлік коалицияның кезекті кездесуі Қайыршақты ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Жиын барысында қатысушыларға дауыс беру күні, оны өткізу тәртібі және азаматтардың референдумға қалай қатыса алатыны жөнінде ақпарат берілді. Азаматтарға референдумға әр азаматтың қатысуы неге маңызды екендігі кеңінен түсіндірілді. Коалиция өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер халықтың жаңа жобаны тереңірек түсінуіне және референдумның қалай өтетінін нақты білуіне көмектеседі.