Бүгін - Дүниежүзілік радио күні. Бұл күн ЮНЕСКО тарапынан радионың қоғам дамуына, диалогты нығайтуға және сенімді ақпарат таратуға қосқан үлесін мойындау мақсатында белгіленген. Сандық платформалар дамығанымен, радио әлі де ең қолжетімді әрі жедел жаңалық көзі болып қала береді.