Қыс мезгілінде мұз астында оттегі деңгейі күрт төмендеп, балықтардың жаппай қырылу қаупі артады. Осындай олқылықтардың алдын алып, балықтарды қорғау мақсатында инспекция мамандары каналдар мен көлдерде тұрақты түрде аэрация жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, апта сайын ойықтар бұрғыланып, мұз ойылып, суға оттегі жіберіледі.