Сталкинг – бүгінде қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған өзекті мәселелердің бірі. Бұл тақырып Мемлекет басшысының да назарынан тыс қалған жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғау мақсатында сталкингке қатысты заң нормаларын күшейтуді тапсырған болатын. Осыған байланысты қазір еліміздің әр өңірінде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі – облыста ұйымдастырылған «Әйелдер қауіпсіздігі: құқықтық ақпарат және қолдау» тақырыбындағы құқықтық сағат.