50-ден асқан алайда жұмыссыз қалған азаматтар көбіне екі ортада қалып қояды. Яғни тәжірибесі мол болғанымен, жасы кедергі келтіріп жатады. Ал оларды уақытша ғана емес, тұрақты жұмыс орнымен қамту мақсатында «Күміс жас» жобасының маңызы зор. Былтыр бұл жоба арқылы өңірде 94 атыраулық тұрақты жұмысқа орналасқан.