Облыста сиыр етін сатуға уақытша шектеу қойылды. Жуырда бес ауылдық елді мекенде карантин күшейтіліп, ірі қарадан жұқпалы ринотрахеит анықталған еді. Мамандар шектеу тек ауру тіркелген аумақтарға қатысты екенін айтады. Ал қаладағы сауда нүктелерінде өзге өңірлерден жеткізілген ет сатылып жатыр.