Қазақ әскерінің Тәжік–Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл. Осыған орай Құрманғазы ауданында тағылымды мәдени іс-шара өтті. С. Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Отты жылдар қалдырған жүректегі сызат» атты кеш ел тыныштығы жолында қызмет еткен жауынгерлерге арналды.