Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды. Жиын барысында атқарылған жұмыстар сараланып, негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды. Сессияда қалалық бюджетті нақтылау, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, депутаттар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жетілдіру, инвестиция тарту бағытындағы алдағы жоспарларды талқылады.