Атырау Жастар театры көрермен назарына «Мұғалім» премьерасын ұсынды. Қойылымда ата-ана, бала және мұғалім арасындағы қарым-қатынас терең әрі шынайы бейнеленген. Күнделікті мектеп өмірін арқау еткен спектакль бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жауапкершілік тақырыбын жан-жақты қозғайды.