Облыста алғаш рет дропперлік әрекет үшін қылмыстық іс қозғалды. Қала тұрғыны есепшотын үшінші тұлғаға "жалға бергені" үшін жауапқа тартылды. 2025 жылы 16 қыркүйектен бастап, ҚР Қылмыстық Кодексіне дропперлік үшін жаңа бап енгізілген. Аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуды және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды көздейді.