Екінші театрішілік фестивальдің шымылдығы түрілді. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен басталған шара өнер ұжымының шығармашылық ізденісін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр. Фестиваль аясында алдымен театр майталмандарының қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Онда спектакльдердің мазмұны, көркемдік шешімі мен режиссерлік ізденістері талқыланды. Қойылымдарды бағалау үшін Алматы қаласынан кәсіби театртанушылар арнайы шақырылған. Толығырақ келесі сюжетте.