Мемлекет басшысы айтқандай, еліміз алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлы елге айналуы тиіс. Осы мақсатта барлық салада заманауи технологиялар кеңінен енгізіліп, цифрландыру үдерісі қарқын алуда. Соның ішінде, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытына ерекше көңіл бөлініп отыр.