Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының форматы түбегейлі өзгермек. Үкімет ХҚКО-ды біртіндеп цифрлық кеңселерге айналдыруды жоспарлап отыр. Соңғы жылдары халықтың мемлекеттік қызметтерді алу тәсілі айтарлықтай өзгерген. Қазір азаматтар орталықтарға жылына шамамен 15 миллион рет жүгінеді. Атыраулықтар да өткен жылы мемлекеттік қызметтің 99,7% онлайн форматта алған.