Қыс мезгілінде қоғамдық көліктің кешігуі қала тұрғындарының наразылығын күшейтті. Әсіресе, таңғы және кешкі қарбалас уақытта автобустар арасындағы интервалдың ұзақтығы жолаушыларға қолайсыздық тудырып отыр. «Кейбір бағыттарда қоғамдық көлікті жарты сағатқа дейін күтеміз» дейді жұртшылық. Мәселені ушықтырып отырған тағы бір жайт жылы аялдамалардың жеткіліксіздігі.