Қалада соңғы күндері ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ пен бұрқасын байқалып, тұрғындар үшін қауіпті жағдай қалыптасты. Кеше кешкі уақыттан бастап қала көшелері мен жаяу жүргінші жолдарында мұз қатып, қозғалыс қиындады. Соның салдарынан тайып құлап, майып болған деректер жиілеген.