Атырау қалалық перзентханасында жыл сайын 100-ден астам сәби шала туылады. Мұндай жағдайда нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін заманауи медициналық құрылғылардың маңызы зор. Осы мақсатта "Теңізшевройл" компаниясының бизнес серіктестері қалалық перзентханаға заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты.