Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін орнатылатын пандустар талапқа сай болуы қажет. Олардың биіктігі мен ұзындығы, сондай-ақ жалпы құрылысы ерекше жандардың ғимаратқа кіріп-шығуына кедергі келтірмеуі тиіс. Осы бағытта қалада еркін әрі тең қоғам құру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сол іс-шаралардың біріне әріптесім Асылан Мәлік қатысып қайтты.