"Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында келесі жылы 40 ірі жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Бастама қоршаған ортаны күтіп ұстауға, табиғат аялауға бағытталған. Жалпы ауқымды науқанға жыл басынан бері 100 мыңнан аса тұрғын белсенді ат салысты.