Атырауда «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында колледж студенттеріне арналған «Талап бар жерде тәртіп бар» атты кездесу өтті. Іс-шараны облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ұйымдастырды. Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері мен чемпион спортшылар қатысып, қоғамдағы заң мен тәртіптің рөлі, жастардың құқықтық мәдениеті, қауіпсіздік мәселелері және спорттың тәрбиелік маңызы жан-жақты талқыланды.