Бүгінде Атырау облысы аумағында құрылыс жүргізу мақсатында 28 мұнаралы кран орнатылған. Қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты ұйымдар мен тиісті мекемелер тарапынан тексеріс жұмыстарын күшецткен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары құрылыс нысандарын бақылау барысында кран иелері мен операторларына техникалық қауіпсіздікке ерекше мән беруді ескертіп, кез келген ақау анықталған жағдайда жұмысты дереу тоқтатуды талап етуде. Сонымен қатар, жел күшейген уақытта крандарды қолдануды уақытша тоқтату қажеттілігі де түсіндірілуде. Мамандар жұмысшыларға техниканың дұрыс пайдаланылуы, оның мерзімді тексерістен өтуі, қауіпсіздік белгілерінің қойылуы және операторлардың арнайы дайындықтан өтуі секілді талаптарды үнемі назарда ұстау керектігін ескертеді.