Атырау облысы білім беру басқармасының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы өңірдегі ата-ана мәдениетін нығайтып, ұрпақ тәрбиесінде әкенің рөлін күшейтуді мақсат етеді. Жоба аясында түрлі бағыттағы тәрбиелік, танымдық және әлеуметтік шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.