Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын насихаттау мақсатында құрылған арнайы ведомостолық жұмыс тобы Құрманғазы ауданы халқымен кездесті. Мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары қатысқан жиында айтылған өтініштер мен ұсыныстардың бір де бірі қараусыз қалмайды,- дейді облыстық прокуратура өкілдері.