Елімізде биыл Мемлекет басшысының бастамасымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланғаны баршаға мәлім. Бұл бастама – қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеріп, өндірісте еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылардың еңбегіне құрмет көрсетуді мақсат етеді. Бүгінде біздің өңіріміз түрлі кәсіпорындар мен зауыттардың ошағына айналып, өңір экономикасының негізгі тірегіне болып отыр.