Еліміздің Қарулы Күштері — ел тыныштығы мен бірлігінің берік қалқаны. Олар әрбір төтенше жағдайда жылдам әрі ұтымды әрекет етіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әскер сапында елдің қорғаны мен тұрақтылығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлау қызметінің орны ерекше. Шапшаңдық пен тапқырлықты талап ететін бұл салада қызмет етіп жүрген жауынгерлер — нағыз ерліктің үлгісін көрсетіп жүр.