«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық дәріхана» акциясы ұйымдастырылды. Шараға облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті ұйытқы болды. Науқан тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді. Оның аясында заң өкілдері түрлі сұрақтар бойынша кеңес беріп, мәселені шешуге жәрдемдеседі. Бұл жолғы қабылдау қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде өтті.