Атырауда жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Жыл басынан бері өңірде 1300-ге жуық жол апаты тіркеліп, салдарынан 70 адам қаза тауып, мыңнан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған. Полицейлер мұның басты себебі-жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы деп отыр. Жауапсыздық салдары жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді, сондықтан жол сақшылары жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында алдын алу жұмыстарын күшейтті.