Екі күнге созылған Республикалық оқушылардың өзін-өз басқару көшбасшыларының форумы өз мәресіне жетті. Шараға елдің әр аймағынан бас аяғы 100 -ден аса жас қатысқан болатын. Олар мұнда көшбасшылық пен креативтілікті дамыту, экологиялық жобалар мен пікірсайыс мәдениеті сынды тақырыптарын жан-жақты талқылап, білімдерін шыңдады.