Аймақ тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Sura» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Бүгінде бұл цифрлық жобаны 41 мыңнан аса адам қолданады. Қосымшаның көмегімен кез келген азамат діни және рухани тақырыптарға қатысты сұрақтарын онлайн форматта жолдап, мамандардан нақты әрі түсінікті жауап ала алады. Толығырақ Лаура Кисметованың сюжетінде.