Шаһарда оқушылардың көсбасшылығын арттыруға бағытталған форум басталды. Офлайн режимде өтетін форум екі күнге созылмақ. Мұндағы мақсат — мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдау және мектеп өмірінде белсенділік танытатын жастардың оң имиджін қалыптастыру. Форумға еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы қатысуда.