Еңбек қауіпсіздігі- әрбір жұмысшының негізгі құқығы. Алайда өңірде өндірістік жарақат алу фактілері азаймай отыр. Биылдың өзінде 43 адам жарақат алып, 7 адам көз жұмған. Мамандар бұл ретте еңбек заңнамасын сақтамау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерінің еленбеуі басты себеп дейді.